Тестілеудің екінші күні: ең жоғары ұпай – 124!
Бүгін, 5 маусым күні, ҰБТ Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы тест тапсыру
пункттерінде өткізіліп, оған 887 түлек қатысты. Ақтау қаласы мектептерінен
қатысқан түлектер саны – 229, Жаңаөзеннен – 351, Қарақиядан – 182, Мұнайлыдан –
52, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан – 73.
Ең жоғары ұпай – 124! Бұл көрсеткішті екі оқушы иеленді: Жаңаөзен
мектеп-гимназиясының түлегі – Мыңжасова Маржан және Ақтау қаласындағы №4
мектеп-гимназиясының түлегі – Семедьяров Алдияр.
Бүгінгі тестілеуге облыс бойынша 34 «Алтын белгіге» үміткер қатысты.
Олардың 22-сі (64,7%) өз білімдерін дәлелдеп, «Алтын белгі» иегерлері атанды.
ҰБТ-ның екінші күні облыс бойынша орта ұпай - 79,2 болды.
Жарияланған күні: 04-06-2016