Выпускников школ Мангистауской области
Войти в сеть
Контактная информация о школах области
Тізімді ашу
Выпускников школ Мангистауской области
Посмотреть список
Кәсіптік бағдар (түлектер тақтасы)
1.Маңғыстау облысының жалпы білім беру ұйымдарында оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде өткізіледі.
Жыл сайын республиканың жоғары оқу орындарының өкілдері мамандық таңдау және кәсіптік бағдар беру бойынша облыстың мектеп және колледж бітірушілерімен кездесулер өткізіп келеді.
Мектептерде кәсіптік бағдар беруге арналған бұрыштар жасақталған (126 мектеп).
Сонымен қоса, «Мәңгілік ел жастары-индустияға!»-«Серпін» бағдарламасының ерекшелігін халық арасында кеңінен түсіндіру бағытында білім басқармасы, «Серпін» орталығы және оқу орындары тарапынан мектеп түлектері мен ата-аналарды қамтыған 100-ден астам кездесулер өткізіп, интернет сайттарда, әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялады, теледидарда тікелей эфирде сұхбаттар берді.
Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша жастар саясаты мәселелері басқармасы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің өкілдерімен бірлікте облыстық штаб құрылды.
Бағдарламаға қатысатын жоғары оқу орындары үшін Ш.Есенов атындағы университетінің бас ғимаратында, колледждер үшін Ақтау қаласындағы энергетикалық колледж ғимаратында оқу орындарының өкілдері жұмыс жасады. Штаб құрамы, байланыс телефоны білім басқармасының сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланды.
Басқарманың ұйымдастыруымен 2018 жылдың сәуір айының 14-де облыстық мектеп бітіруші түлектерге арналған «Мамандықтар фестивалі» өткізілді. Фестивальдарға республикалық «Серпін» бағдарламалар басқармасының басшылығы, жобаға кіретін 13 ЖОО өкілдері мен батыс өңірі колледждерінің студенттері қатысты. Осы шараға мыңнан аса оқушы мен студенттер қатыстырылды.
«Серпін» бағдарламасымен 1039 бала білім алуда, оның ішінде ЖОО – 864, колледжерде – 175 бала.
Түлектердің негізі Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оқу орындарында оқиды.
2018 жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарын аяқтаған алғашқы 47 түлектің Көкшетау қаласында-1, Ақтөбе облысында -14-і, Шығыс Қазақстан облысында -1, Батыс Қазақстан облысында - 20 түлек, Маңғыстау облысында-4 жұмысқа орналастырылды. Үш түлек бала күтімінде, 4 магистратурада білімін жалғастыруда.
Ағымдағы жылы да бағдарлама аясындағы жұмыс жалғасын табады.
2. Кәсіптік бағдарлау кабинеті жоқ.
26. Облыс бойынша барлығы 5611 оқушы мектеп бітірді. ҰБТ-ге қатысқан түлектер саны - 4123 – 73,5% (2017 ж. – 3600 -73%).
ҰБТ-ге қатыспаған 44 түлектің 2-і халықаралық олимпиада жүлдегері ретінде ҰБТ-дан босатылды, 40 шетелдік ЖОО-на түсті, біреуі армия қатарына, біреуі денсаулығы бойынша қатыспады.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің саны-1369. Облыс әкімі өңірге қажетті мамандықтарға арналған 150 гранты бөлініп, грант иеленген түлектер жоғары оқу орындарына орналастырылды.
2018 жылы мектеп бітірген түлектердің ҚР ЖОО-3899, РФ ЖОО-191, шетелдік оқу орындарына-212, колледжге-628түлек түсті. Әскерде-11, оқуға жарамсыз -4, күндізгі білім беретін мектептің 21 түлегінің орналасуы анықталуда.
Видео-трансляции
Отчетная встреча министра образования и науки РК
Трансляция: 29.04.2016
Открыть в YouTube
Пресс-конференция с участием министра образования и науки РК Е.Сагадиева
Трансляция: 25.04.2016
Открыть в YouTube
Министр образования РК: В шестилетнем возрасте ребенок обязательно должен сесть за парту
Трансляция: 25.04.2016
Открыть в YouTube
Сұхбат. ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаев
Трансляция: 08.05.2016
Открыть в YouTube
Данные не найдены!
Данные не найдены!