ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, облыс тұрғындары!
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар, облыс тұрғындары!
Жергілікті бюджет есебінен конкурстық
негізде облыс әкімінің гранты тағайындалады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1-кезең:
Тиісті құжаттарды тапсыру - ағымдағы
жылдың 5-10 тамыз аралығы;
2-кезең:
Құжаттарды конкурс комиссиясының қарауы – ағымдағы жылдың 11-15 тамыз аралығы.
Тапсыруға міндетті
құжаттар тізбесі:
1. ЖОО-ның қабылдау комиссиясына
белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш (құжат тапсыратын күні беріледі);
2. білімі туралы құжат (аттестат-түпнұсқа);
3. ҰБТ немесе КТ сертификаты;
4. 3x4 көлеміндегі екі фотосуреті;
5. 086-У нысаны бойынша медициналық
анықтама;
6. жеке басын куәландыратын құжаттың
көшірмесі.
Білім беру
грантын тағайындау тәртібі
- Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған мамандықты көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда
азамат төрт мамандықты көрсете алады.
- Конкурсқа қатысу үшін ұлттық ЖОО-ға түсуге тестілеу нәтижелері бойынша –
кемінде 65 балл, "Білім
беру" "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "Ветеринария"
мамандықтары топтары бойынша – кемінде 60
балл, басқа ЖОО-ға – кемінде 50
балл, "Жалпы медицина" мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы,
математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл
және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет.
- Білім беру грантына ие болған абитуриентпен "Білім
басқармасы-студент-жоғары оқу орны" үшжақты
шарт жасалады.
- Комиссия шешімінің негізінде грант иегеріне жергілікті бюджет қаражаты
есебінен білім беру грантын тағайындау туралы куәлік рәсімделеді.
- Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты иегерлерінің тізімі
өңірлік бұқаралық ақпараттық құралдарында жарияланады.
- Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы куәлік азаматтардың
конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірілмей беріледі.
Құжат қабылдаудың өтетін жері: Облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-
интернаты ғимараты, 1 қабат,
холл.
Өтетін уақыты: 5-10.08.2018 жыл, сағ. 9.30-18.00, түскі үзіліс:
сағ.12.30-14.00
Мекен жайы: Ақтау қаласы, 32 б ш/а.
Дата публикации: 26-06-2018 : 12:54 Просмотры: 1099