Қайырымды жандар
Бүгінгі
таңда елім, туған жерім дейтін жандардың көбеюі көңіл қуантарлық жағдай.
Маңғыстау ауданының сондай ардақты азаматтары, кәсіпкерлер Әділбек Суйеуов,
Дәулет Нұржанов, Манарбак Бисекенов, Марс Убинаев, Абат Жумалиевтер ағымдағы
жылдың 23-ақпаны күні «Жылы жүрек-жомарт қол» атты қайырымдылық шара өткізді.
Аталған шарада аудан мектептерінің 130
жетім, жартылай жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына 1300000 (бір миллион
үш жүз мың) теңге қаржылай көмек үлестірілді. Шара соңы шағын концерттік
бағдарламаға жалғасты.
Бұл азаматтарға ата-аналар мен оқушылардың жүрекжарды
алғыстары шексіз.
Білім басқармасының атынан кәсіпкерлерге айтар алғысымыз
мол! Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс, береке тілейміз!!!
Жарияланған күні: 26-02-2016